KZ/RU:

Құрметті отандастар!

2022 жылғы 20 қарашада (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Париж қаласындағы Елшілігінің ғимаратында орналасқан № 246 сайлау учаскесінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

№ 246 сайлау учаскесінің мекенжайы: 59 Pierre Charron, Paris 75008.

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беруге құқықтық негізіңіз бар.

Сіздің сайлауға қатысуыңызға конституциялық құқықтың кепіліңіз – сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 246 сайлау учаскесінде дауыс беретін азаматтардың тізіміне Франция аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

Құрметті азаматтар!

Франция аумағында әр түрлі себептермен жүрген ҚР азаматы Президенттік сайлауда дауыс беру құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізілуі үшін өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Франциядағы мекенжайы) election20.11.22@gmail.com электрондық мекенжайға «Сайлау – 2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Сайлауда дауыс беретін күні Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін сайлау комиссиясына көрсету міндетті.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларында табуға болады.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігі

***

Уважаемые соотечественники!

20 ноября 2022 года (с 07.00 до 20.00 по местному времени) на избирательном участке № 246 при Посольстве Республики Казахстан в городе Париж состоится голосование на внеочередных выборах Президента РК.

Адрес избирательного участка № 246: 59 Pierre Charron, Paris 75008.

Если Вы гражданин Республики Казахстан, достигший на день голосования 18-летнего возраста, и обладаете активным избирательным правом, Вы имеете правовое основание участвовать в голосовании во внеочередных выборах Президента Республики Казахстан.

Гарантией реализации конституционного права является наличие Ваших данных в списке избирателей.

В список голосующих участка № 246 при Посольстве Республики Казахстан во Французской Республике включаются все граждане, постоянно или временно проживающие на территории страны пребывания, имеющие действительные паспорта гражданина Республики Казахстан.

Уважаемые граждане!

Для включения Вас в список голосующих каждому гражданину РК, находящемуся на территории Франции, необходимо заблаговременно направить свои данные (ФИО, дата рождения, ИИН, адрес проживания во Франции) на электронный адрес election20.11.22@gmail.com с отметкой «Выборы – 2022».

В день голосования необходимо иметь при себе действующий паспорт или удостоверение личности гражданина Республики Казахстан.

Дополнительную информацию Вы можете найти на веб-сайте Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан www.election.gov.kz, а также в последующих информационных сообщениях Посольства.

С уважением,

Посольство Республики Казахстан во Французской Республике

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.